ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Экология- биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, “ Экология ” терминін ғылымға алғаш енгізген Э.Геккель (1866 ). Экология термині гректің «ойкос»- үй, тұрақ, мекен жəне «логос»- ғылым деген сөзінен шыққан, тұрақ, мекен туралы ғылым- деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір- бірімен қарым- қатынасын, байланысын айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.