Әлеуметтік экология және тұрақты даму курсының негізгі мақсаты-қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастарға жан- жақты талдау жүргізу, экологиялық мәселелерді мемлекеттік саясат пен қоғамның іс-әрекетін парасаттылықпен бірге жүргізіп қоғамдағы әрбір адамзаттың сана-сезімі жоғары деңгейге жеткенде ғана шешуге болатынын айқындау. Жер шарындағы ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды адами – нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.